Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Облыстық Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері біздің институтта қонақта

2018 жылғы 15 наурызда достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына Облыстық Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері келді.

Тәрбиеленушілер кездесу барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортқа баулу мақсатында және 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында спортзалда баскетбол ойынынан жолдастық кездесу өткізіп, әрі қарай институттың акт залында мерекелік концерттік бағдарлама қойды. 

 Іс-шара барысында тәрбиеленушілер институт аумағына, соның ішінде курсанттар казармасына, мұражайға, кітапханаға және саптық алаңға экскурсия жасады. Сонымен қатар, тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторлары тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, олардың қызығушылықпен қойған сұрақтарына жауап берді.

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева