Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шара

2018 жылғы 4 мамырда Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Жеңіс күнін тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ҒЗжРБЖҰ бөлімі  мен әйелдер ұжымы Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры
Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының тәрбие бөлімімен бірігіп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайы ғимаратында Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға салтанатты жағдайда қол қою мен мерекелік концерт ұйымдастырды.

         Меморандумға қол қою рәсімінен кейін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі С.И.Қаракүшев пен  Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының бастығы полковник А.А. Ибраев және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Б.А. Ердембеков, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты С.А. Алипов, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник М.К. Айдосов құттықтау сөздерін айтты.

Жас ұрпақтың тәрбиелік-патриоттық жұмысына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И. Қаракүшев қалалық мәслихаттың хатшысы С.Шынтасованың атынан  құрмет грамотасымен марапатталды. Өз кезегінде,  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығы полиция полковнигі С.И. Қаракүшев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Б.А. Ердембековті білім беру мен ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастығы үшін «Қазақстан полициясының 25 жылдығы» төсбелгісімен марапаттады. Кейін екі жоғары оқу орнының жеке құрамын марапаттау туралы бұйрық оқылды.

       Аталған іс-шара біздің оқу орны мен Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының қызметкерлері қатысқан концерттік бағдарламамен жалғасты. Сонымен қатар, №27 мектеп-лицейінің оқушысы Е.Самат «Батырлар ұраны» музыкалық композициясын, «Сердце кавказа» ансамблі «Лезгинка» биін, «Еркемай» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушілері «Дети войны» атты театрландырылған қойылымын ұсынды, ал М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының домбырашылар ансамблі «Сал күрең» музыкалық композициясын, 8-класс оқушысы Ә.Нұрланова «Өсиет»  әнін орындады.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева

 
SAM_2774 SAM_4592