Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу сабақтарының өткізілуіне тәжірибелік қызметкерді қатыстыру туралы

2018 жылғы 17сәуірде тәжірибелік қызметкерді оқу сабақтарына қатыстыру кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша «Бірінші сатыдағы сот актілері» тақырыбында күндізгі оқу факультетінің 1 Б курс 103 оқу тобына  №1 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Оралбай Гаухар Сундетбаевнаның қатысуымен дәріс сабағы өткізілді.

Аталған дәріс сабағы барысында Г.С. Оралбай курсанттарға бірінші сатыдағы сот актілерінің түрлерімен, құрылымымен, сонымен қатар сот шешімдерінің мазмұнымен таныстырып, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Оқу бағдарламасы бойынша келесідей сұрақтар қарастырылды:

  1. Сот шешімдерінің түрлері және маңызы
  2. Сот шешімінің мазмұны және құрылымы
  3. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымы және оның түрлері

Дәріс сабағын өткізу барысында Г.С. Оралбай Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің негізгі ережелерін білу қажет екендігіне назар аударып, сонымен қатар сот отырыстарынан тәжірибелік мысалдар келтіріп және қандай шешім қабылданатыны жөнінде мысалдар келтірді.

Барлық сабақ уақытында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің сот шешімдерінің түрлеріне, атап айтқанда негізгі, сырттай, аралық және қосымша сот шешімдеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Басқа да заңдық пәндерге, «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» пәндеріне пән аралық байланыс жасалды.

Тұтастай алғанда, тәжірибелік қызметкер Ақтөбе қалалық сотының судьясы Г.С. Оралбайдың қатыстырылуымен өткізілген сабақ өз мақсатына жетті.

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                                           

М.С. Салауатов