Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛОРДАСЫ – АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 2018ж. 07 – 09 маусым аралығында

2018 жылдың 08 маусымда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында «Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен келешегі» Қазақстан Республикасының елордасы  – Астана қаласының 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы құқық саласындағы ғылыми-зерттеулерді  перспективалық бағыт-бағдарындағы өзекті мәселелерін  қарастыру мақсатында өтті.

         Конференцияның пленарлық отырысын ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы  АЗИ бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Сулейманова Ғалия Жанабекқызы ашып әрі конференция қатысушыларына шығармашылық табыс пен жаңашыл ғылыми жетістіктерді тілей отырып, аталған шаралар болашақта маңызды қадамның бірі –жақын-алыс жатқан шет елдер ЖОО арасында ынтымақтастықтың жемісті болуына сенімін  білдірді.

               Конференция жұмысы 6 бағдар бойынша жүргізілді: 1-секция «Әкімшілік құқықтың және әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері», 2-секция «Қылмыстық, қылмыстық–атқару заңнамаларын және криминологияны жетілдірудің болашағы», 3-секция «Қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігін арттыру жолдары», 4-секция «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық, арнайы және дене шынықтыру даярлығы», 5-секция «Құқықтық тәрбие және заңгердің тіл мәдениеті», 6-секция «Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет: жетістіктері мен келешегі».

        Конференция жұмысында профессорлық-оқытушылық құрам, жас ғалымдар мен қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар өзге де қонақтар қатысты: Д.Е.Шоранов – «Астана қаласының Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығы» Сараптама жұмысы басқармасының бас сарапшысы; С.Е.Миронова – Орынбор облысы адам құқығы жөніндегі Уәкілетті аппараттың азаматтардың шағымдары мен арыздарын қарау және қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі бөлім бастығы; Е.И.Максименко – Орынбор мемлекеттік университеті факультет бастығының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты. (Оренбург қ., РФ); Е.А.Давыдова – Орал заң институты адъюнктурасының адъюнкты, полиция подполковнигі (РФ, Екатеринбург қ); Е.Е.Зырянова — Орал заң институты адъюнктурасының адъюнкты, полиция майоры (Екатеринбург қ, РФ).

        Аталған конференцияны қорытындылай келе, институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Сулейманова Ғалия Жанабекқызы және Жас ғалымдар мен қызметкерлер кеңесінің төрағасы, жедел іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Аюпов Жолдыбай Амантайұлы конференция жұмысын оң және жемісті өткенін айтып, сәттілік тіледі. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

РБЖҰ тобының иснпекторы

полиция аға лейтенанты

Ш.У.Смагулова

 
07