Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Педагогикалық шеберлік мектебінде шебер класс

2019 жылғы 14 наурызда сағат 15:00-де қылмыстық құқық және криминология кафедрасының апталығы аясында педагогикалық шеберлік мектебінде шебер класс өтті. Заң ғылымдарының кандидаты, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры А.О.Куанов «Кредиттік оқыту технологиясының мәселелері» атты тақырыпта, ал заң ғылымдарының кандидаты, қылмыстық құқық және криминологи кафедрасының доценты Ф.Г.Галым «Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде, оның мәні мен мазмұны» атты тақырыпта шеберлік дәрістерін өткізді. Сонымен қатар іс-шараға  оқу-әдістемелік орталығы бастығының уақытша міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.Ф.Саттарова, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов және де институттың профессорлық-оқытушылық  құрамы қатысты.

Өткізілген іс-шараның басты мақсаты сабақ өткізу барысында оқытушылар құрамының арасында кездесетін мәселелерді талқылау, оқыту әдістемелерін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдарды қалыптастыру болып табылды. Шебер класс барысында қатысушылар сабақ беру процесі кезінде кездесетін мәселелерді белсенді талқылап, қазіргі қоғамда кәсіби қызметте маңызды рөл атқаратын курсанттардың білімін әзірлеу және трансляциялау мақсатында қазіргі заманғы әдістемелерді жетілдіру бойынша өз көзқарастарын ұсынды. Іс-шараның қорытындысы бойынша шеберлік сабағына қатысушылар аталған тақырыптың өзектілігі үшін дәріскерлерге алғыс айтып, біздің институтымыздың түлектерінің дайындық деңгейін жетілдіруге қойылатын талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа әдістерді дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы ұсыныс жасады.

ҚқжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

А.Ж.Сейтенов