Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Барнаул заң институтының ұйымдастыруымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген халықаралық дөңгелек үстелге қатысу

2019 жылғы 28 наурызда Ресей ІІМ Барнауыл заң институтының ұйымдастыруымен онлайн байланыс жүйесінде «Ресей Федерациясында заңсыз көші-қонмен күресу дің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Ресей ІІМ Барнауыл заң институтының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері қатысты. 

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысын Ресей ІІМ Барнауыл заң институты бастығының орынбасары (ғылыми жұмысы жөніндегі), заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Юрий Васильевич Анохин құттықтау сөзімен ашты, ал Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабековна Сулейманова сөз сөйледі. Біздің институттан жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мурат Даулетбайұлы Тулешев «Государственная политика Республики Казахстан в области трудовой миграции» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Ресей ІІМ Барнауыл заң институты қатысушылардың барлығына іс-шараға қатысқандығы және ынтымақтастығы үшін зор алғысын білдірді.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З.Нұрыш