Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Краснодар университеті өткізген “Жаһандану жағдайындағы қылмыскерлікке қарсы тиімді әрекет жасау: проблемалары мен келешегі” атты халықаралық ғылыми онлайн-семинарға қатысу

2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ҒЗжРБЖҰ бөлімі жедел іздестіру қызметі кафедрасымен бірігіп, Ресей ІІМ Краснодар университеті өткізген “Жаһандану жағдайындағы қылмыскерлікке қарсы тиімді әрекет жасау: проблемалары мен келешегі” атты халықаралық ғылыми онлайн-семинарға қатысты.

Институт тарапынан іс-шара  модераторы ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаева сөз сөйледі.

Аталған халықаралық онлайн-семинар жұмысына жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті полиция подполковнигі М.Ж. Найманбаев қатысып, «Тактика распознания принадлежности к религии и ее радикальность» баяндамасын қатысушылар назарына ұсынды.

Халықаралық онлайн-семинар жұмысында қылмыскерлікке қарсы әрекеттерге, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа және ұлтаралық мәселелерге, өзгенің мүлкін жымқыруға, заңсыз қару айналымына қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Қатысушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева