Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы» тақырыбында қткізілген ашық дәріс сабағы туралы

2019 жылғы 15 қазанда кафедра жоспарына сәйкес қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығымен полиция полковнигі Н.Т. Саханова Қазақстан Республикасының қылмыстық процесс пәні «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы» тақырыбы бойынша 2 Б курсы 201-оқу тобына ашық дәріс сабақ өткізді. Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес екі теориялық сұрақтар қарастырылды:

1. Анықтаудың, алдын ала тергеу және хаттамалық нысан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталуының түсінігі мен түрлері.

2. Айыптау актісін жасау арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау және қылмыстық істі тоқтатудың негіздері мен процесстік тәртібі.

Кіріспе бөлімінде оқытушы сабақтың тақырыбы және оның орындалу жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, курсанттарға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы туралы түсіндірді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің негізгі түсінігі, түрлері және айырмашылығы туралы презентациялық материалдар, курсанттардың нәтижелі жұмысына ықпал ететін бейнероликтер мен слайдттар көрсетілді. Курсанттар тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсенді қатысты. Дәріскермен қылмыстық процесстік заңнамаға, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жаңа нысандарына қатысты бір қатар сәттер қарастырылды.

Сабаққа дайындалу барысында ашық дәріс сабағын өткізуге арналған әдістемелік өңдеу мен ұсыныстар пайдаланылды.

Ашық дәріс сабағына институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, оң пікір білдірді. Өткізілген ашық дәріс сабақ өз мақсатына жетті.