Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Судан құтқару туралы тәжірибелік сабақ

2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі            А.М. Сайтбековтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына тәжірибелік сабақ өткізді.

Сабақ барысында Ақтөбе қаласының №2 құтқару станциясы жетекшісінің уақытша міндетін атқарушы И.Ержанов тыңдаушыларға адамды құтқару ережелері, адамды құтқару кезіндегі құтқарушылардың әдіс-тәсілдері сонымен қатар құтқарушылардың техникалық құралдарының түрлерін, адамды судан құтқарғаннан кейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету, өкпеге жасанды ауа жіберу жолдарын теориялық тұрғыда түсіндірді.

 Тыңдаушылар Құтқару шеңбері, «Конец Александрова», «Ладуга», «Винбот» кемелері тәрізді құтқару техникасының түрлерімен және фабер, баре костюмі, кеудеше компенцатор сияқты  күнделікті қолданылатын қорғану  құрал-жабдықтарымен танысты.

Ақтөбе қаласының №2 құтқару станциясы қызметкерлері М.Баймурзин, Е.Нұржанов, А.Басшығарин, И.Кардач тыңдаушыларға суда құтқару техникасын пайдалануды,  қолдану тәртібін, құтқарушылардың киім үлгісін тәжірибелік тұрғыда көрсетті.

Сабақ соңында тыңдаушылар құтқару станциясы қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.  

КжҚБФ бастығы

полиция полковнигі                                                                         

С.Б. Ғизатов

 
IMG_8502