Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Теңдесі жоқ тарихи жеңіс

Жеңіс күні – бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке, бұл тек сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.  Қазір осынау ұланғайыр байтақ жерде тұрып, тәуелсіз ел болып өмір сүріп жатқанымыз – сол қан майданда жауға қарсы оқ жаудырып, шайқасқан ата-бабаларымыздың ерең еңбектерінің жемісі.

     Жеңіс күні ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейтін, рухты мереке. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік  ұмытылмас парағы іспетті. Ата-бабамыздың ерлігінің арқасында қазіргі таңда бейбіт өмір сүрудеміз. Үлкен өскелең ұрпақта кіші жастарға үлгі болатындай болуы қажет. Бұл Жеңіс күні біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады.

       1941 – 1945 жылдары туған жерін қорғау үшін аса қаһармандықпен көз жұмған батырларымызды ұлықтап еске алу, сол сұрапыл соғыста  бар ерлік-жігерлерін танытып, еліне аман оралған ардагерлерімізді құрметтеп, мадақтау біздің басты міндетіміз болып табылады. Сондай міндеттерді орындауды абырой деп білетін  1 «А»курс курсанттары, курс бастығы полиция подполковнигі М.М.Ешманов, курс старшинасы полиция старшинасы А.К.Намазбаев , тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Б.Елеусизов және Кеңес Одағының батыры Малкеджар Бөкенбаевтың немересі Дина Бөкенбаева мен шөбересі Даниал 1944 жылдың 20 шілдесінде Люблин – Брест операциясы барысында 1081-ші атқыштар полкі атқыштар взводының командирі қызметін атқарып,  Буг өзенінің бойында болған жекпе-жек айқаста ерлікпен шайқасқан, жаудың 102 әскері мен офицерін қолға түсіріп, «Алтын Жұлдыз» бен Ленин атындағы орденді иемденіп қайтқан Кеңес Одағының батыры Малкеджар Бөкенбаевты еске алу мақсатында батырдың зиратына барып, гүл шоқтарын қойып қайтты. Яғни, мұндағы басты мақсат – тәуелсіздік  тұғырының берік, еңсеміздің биік болуын, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуіне үлес қосқан батырларымыз мен  ардагерлерімізді еске алып, ұлықтау, оларды келешек Отан қорғаушы ұрпақтарға үлгі-өнеге ретінде көрсету  болып табылады.

1 курс бастығының

орынбасары 

полиция капитаны                  

С.П.Оразғалиев