Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шағын футбол жарысы

 

 

2018 жылғы 04 қазанда Қазақстан республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ұстаздар мерекесі, қарттар күні және жедел іздестіру қызметінің 100 жылдығына арнап кәсіптік және қосымша білім факультеті әскери және дене дайындығы кафедрасымен бірге шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан 2 команда, біліктілігін артттыру курсына келген тыңдаушылар МКҚБ взвод, рота командирлерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының қызметкерлерінен – 2 команда қатысты.

Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салты мен дене шынықтыру, спортты насихаттау болатын.

Сайысты институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі Қайрат Мөкішұлы Манапбаев кіріспе сөзімен ашып, қатысушыларды құттықтап,  жеңіс және сәттілік тіледі.

Жарыс шеңберлі жүйе бойынша өткізілді. Ойындар нәтижелі және қызықты өтті.

Жарыс қорытындысы: жүлделі 1-ші  орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институтының  бірінші құрама командасы, 2-ші орынды МКҚБ командасы, 3-ші орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институтының екінші құрама командасы.

  Жарысқа қатысушылар сайысты ұйымдастырып өткізгені үшін институт басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Жарыс жеңімпаздары салтанатты түрде грамоталармен марапатталды.  

  

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының

КжҚБФ оқытушы-әдіскері

полиция майоры

А.А.Кушкимбаев

Кушкимбаев А.А.

 
08