Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Төребаев Орынбасар Наурызғалиұлын мерейтойымен құттықтау

2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төребаев Орынбасар Наурызғалиұлын институт бастығы полиция полковнигі Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков мерейлі 80 жас мерейтойымен құттықтады.
Профессор 1939 жылығы 10 қаңтарда Ақтөбе облысы Темір қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Ақтөбе медицина университетін бітіріп, медицина саласында еңбек жолын бастаған. Еңбек ету барысында 150-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры лауазымында 2014 жылдан бастап қызмет етіп келеді.  
Институт бастығы профессорға институт жеке құрамы атынан зор денсаулық тілеп, қошеметін білдірді.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны                                                               
З.А.Мухангалиева