Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шағын футбол және жағажай волейболынан халықаралық спартакиада

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен келешегі» Қазақстан Республикасы елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуіне байланысты, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы мен ғылыми-зерттеу және редакциялық баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі шағын футбол және жағажай волейбол жарысын өткізді.

Шағын футбол және жағажай волейбол жарысының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғалия Жаңабековна жарысқа қатысушыларға сәттілік және жеңіс тіледі.

          Жарыстың ережелерімен «Ақтөбе» шағын футбол клубының ойыншылары Ержан Серикович Жаманкулов және Алибек Миржанович Кистаубаев, сонымен қатар, №2 облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Руслан Адайбекович Габидуллин таныстырды.

Шағын футбол жарысына 3 команда қатысып, оның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Экономика және құқық факультетінің командасы, Ақтөбе облысының ішкі істер  департаменті командасы.

Жарыста ұпай санымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасы 1-ші орынды, Ақтөбе облысының ішкі істер органдары департаменті командасы 2-ші орынды, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетінің командасы 3-ші орынды иеленді.

Жарысқа 8 команда қатысты. Оның ішінде ер адамдар арасында 4 команда, әйел адамдар арасында 4 команда. Волейбол жарысында әр команда ойыншылары жеңуге деген үлкен жігер көрсетті. Ер адамдар арасында жарыста ұпай санымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасы алға шықты. 2-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетінің командасы, 3-ші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының командасы иеленді.

Әйел адамдар арасындағы жарыста ұпай санымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасы алға шықты. 2-ші орынға Орынбор мемлекеттік университетінің заң факультеті командасы, 3-ші орынды Ресей ІІМ Орал заң институтының командасы иеленді.

           Жарыстың марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғалия Жаңабековна Сулейманова және ҚБ ФСҚ «Динамо» Ақтөбе филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Танжарбаевна Истляуп жүлделі орындарға ие болған командаларды кубокпен, медальмен және мақтау қағазымен марапаттады.

ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы

полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов