Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш

2018 жылғы 23 қарашада ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі оқу саптық бөлімімен бірлесе отырып мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және қолданыс аясын кеңейту мақсатында ірі ақын, тарихшы әрі ғұлама ойшыл, аудармашы, сазгер- Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған  «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кешке қатысқан курсанттар ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқап,  «Қалқаман – Мамыр» поэмасынан көрініс қойды.Соңында іс-шараға белсене қатысқан курсанттарға алғысхаттар табысталды.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі

 
34 IMG-20171208-WA0008