Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі психология” пәні бойынша ашық сабақ өткізу туралы

2019 жылғы 6 қарашада  жалпы білім беру  пәндері  кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес, «ІІО қызметкерлерінің  қызметіндегі  психология» пәні бойынша   кафедра  оқытушысы, полиция майоры С. А. Меңдібаева “ІІО қызметіндегі кәсіби қарым-қатынас психологиясы және жанжалды жағдайларды басқару” тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.

Кіріспе бөлімінде оқытушы сабақ тақырыбы мен оны өткізу жоспарымен таныстырды, сондай-ақ  курсанттарға  ІІО қызметіндегі жанжалды жағдайларды басқару және кәсіби қарым-қатынас психологиясының маңыздылығы туралы түсіндірді.

Семинар сабағын өткізу барысында С. А. Мендыбаева оқытудың интерактивті әдістерді, слайдтарды кеңінен қолданды, тәжірибеден  мысалдар келтіріп, теориялық материал бойынша әр түрлі сипаттағы ситуациялық тапсырмалар берді. Сабақтың мақсаты мен міндеттері толық жүзеге асырылды. Педагог жұмысының қызықты және белсенді стилі курсанттарға өз қабілеттерін толық ашуға көмектесті.

Өткізілген ашық семинар сабағы институттың профессорлық-оқытушылық құрамының оң пікіріне ие болды. Әріптестер қызықты сабақ үшін оқытушыға алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Жалпы білім беру пәндері кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры

С.А.Мендыбаева