Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан Республикасының және мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында өткізілген «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының және мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Халықаралық дөңгелек үстел жұмысын Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова ашты. Дөңгелек үстелдің модераторы ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі А.Қ. Каримбаева болды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрболат Байұзақұлы Махмутов, Орынбор мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименко, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы полиция полковнигі Аслан Жолашұлы Сейтенов, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Нұрлан Сабырұлы Қайрғали, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының екінші арнайы тобының инспекторы полиция капитаны Ерлан Майланұлы Сибогатов, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Қуат Ерланұлы, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Бахтияр Шамильевич Айметов өз баяндамаларын оқыды.
Халықаралық дөңгелек үстел барысында шетелдік мемлекеттердегі жемқорлықпен күрестің ерекшеліктері, шетелдік мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтар және олардың ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының себептері және олардың алдын алу жолдары, жемқорлық әлеуметтік көрініс ретінде секілді сұрақтар қарастырылды, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық саясатына қарсы іс-қимыл механизмі, жемқорлықпен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылығының даму тарихы тақырыптары талқыланды.
Қызу талқыға түскен аталған сұрақтарды талқылауда  пікірталасқа қатысушылар мен қонақтар — Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор полиция полковнигі Зайрулла Сембайұлы Тоқыбаев, Орынбор мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименко,  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ВҒЗИ Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, доцент, аға әділет кеңесшісі  Сабигуль Джанабайқызы Бекишева, Ресей ІІМ Омбы академиясының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Олег Александрович Дизер, Ресей ІІМ Омбы академиясының қылмыстық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі  Кирилл Николаевич Карпов, Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының арнайы пәндер циклінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі полиция капитаны Самал Бектыбайқызы Жакупова қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстел соңында жемқорлықтың алдын алуға арналған 2 бейнеролик қаралды және қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің
ғылыми қызметкері
Д.А. Динова

 
03219010