Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің іс жүргізу негіздерін жаңарту туралы өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында өткізілген семинар

2018 жылы 10 – 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы Қазақстан Республикасындағы қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша 2 курс курсанттары арасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің іс жүргізу негіздерін жаңарту туралы өзгертулер мен толықтырулар 2017 жылғы 11 желтоқсан» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл семинарда қылмыстық процеске азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және оның репрессивтілігін төмендетуге бағытталған, қылмыстық процестегі бәсекелестікті, оның ішінде адвокаттардың құқықтарын кеңейту есебінен арттыру, сотқа дейінгі сатысында соттық бақылауды кеңейту секілді тақырыптар қарастырылған.

Семинар үш кезеңнен тұрды:

  • Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің жаңашылдығынан;
  • Қылмыстық процестік заңнамасын білу бойынша тесттік сұрақтарды шешу;
  • Блиц-сауалнама.

Осы семинардың модераторы болып орыс топтарына қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.С.Тайшыбаева және қазақ топтарына кафедра оқытушысы полиция майоры Л.М.Туребекова қатысты.

Құзіретті қазылар алқасының құрамына қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников, кафедра бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.С.Есмағанбетов, кафедраның аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.А. Чупринюк және кафедра оқытушысы полиция капитаны А.Ж.Қиюбек қатысты.

2018 жылы 10 қаңтарда орыс топтарынан екі команда қатысты: 203-оқу тобының «Будущее страны» командасы, команда капитаны – полиция аға сержанты Айгерім Габдуллина және 204-оқу тобының «Крылья Независимости» командасы, команда капитаны – полиция аға сержанты Арман Токсеитов қатысты.

2018 жылы 11 қаңтарда қазақ топтарынан екі команда қатысты: 201-оқу тобының «Достық» командасы, команда капитаны – Нурболат Кукенов және 202-оқу тобының «Алғыр» командасы, команда капитаны – Абзал Азимхан қатысты.

Курсанттар қылмыстық процестен бар жинақтаған білімдерін қөрсетті. Семинар достық және шығармашылық деңгейде өтті.

Семинардың қорытындысын шығарғаннан кейін жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция майоры       

Л.М.Туребекова

 
SAMSUNG CSC IMG-20180228-WA0029