Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Экономика және құқық колледжінің студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 16 қазанында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры М.Тулешев Ақтөбе экономика және құқық колледжінің 2 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 09.09.2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бірқатар маңызды шешімдер, экономикалық, саяси және әлеуметтік салалар бойынша айтылды, яғни, Жолдаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оның алдын алуға, басқарудың барлық саласында ішкі сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған күш-жігерін біріктіруге баса назар аударды.

Жолдауда айтылған мәселелерді талқылау барысында студенттер толығымен, мазмұнды және жан-жақты жауаптар алды. Кездесу соңында студенттер берілген ақпарат үшін алғыс білдірді.

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы полиция майоры

Тулешев М.Д

 
IMG-20180228-WA0026