Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өткен «Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл проблемалары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға курсанттардың қатысуы туралы

2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған «Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл проблемалары» атты курсанттардың (студенттердің)  халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Осыған байланысты аталған конференцияға білім сапасын мониторнигілеу және бақылау бөлімінің оқытушы-әдіскері полиция лейтенанты Г.А. Байкунакованың сүйемелдеуімен біздің институттың келесі 6 курсанты қатысты:

1. Әділет Жеңісұлы Жеңісов — 1 «А» курсының 102-оқу тобының курсанты.

2. Нұрлан Берікұлы Ахмет — 1 «А» курсының 105-оқу тобының курсанты.

3. Мейірхан Ұланұлы Айтқұл — 2 «А» курсының 202-оқу тобының курсанты.

4. Серик Бисенгалиевич Акзамов — 2 «А» курсының 204-оқу тобының курсанты.

5. Диас Роланұлы Оразғалиев — 2 «А» курсының 204-оқу тобының курсанты.

6. Аслан Айтқалиұлы Толеугалиев —  2 «А» курсының 205-оқу тобының курсанты.

Конференцияның мақсаты — жастардың патриоттық санасын қалыптастыру, шығармашылық, танымдық және зияткерлік қызметін ынталандыру.

Аталған конференцияның қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен және қатысушы сертификатымен курсанттар Ә.Ж. Жеңісов пен
М.Ұ. Айтқұл,  ІІІ дәрежелі дипломмен және қатысушы сертификатымен
С.Б. Акзамов пен Д.Р. Оразгалиев, «Баяндаманың танымдық құндылығы үшін» грамотасымен және қатысушы сертификатымен А.А. Толеуғалиев және белсенді қатысқаны үшін грамотамен  полиция лейтенанты Г.А. Байкунакова марапатталды.

Білім сапасын мониторнигілеу                             

және бақылау бөлімінің

оқытушы-әдіскері

полиция лейтенанты

Г.А. Байкунакова

 
IMG-20180507-WA0164