Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан Республикасы ІІМ ЖОО кредиттік технология бойынша оқу процессін жетілдіру» тақырыбында оқу-әдістемелік орталық, күндізгі оқу факультеті және мониторинг және оқу сапасын бақылау бөлімі бірлесіп өткізген дөңгелек үстел туралы

2018 жылдың 13 қарашасында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу-әдістемелік орталығы, күндізгі оқу факультеті және мониторинг және оқу сапасын бақылау бөлімі «Қазақстан Республикасы ІІМ ЖОО кредиттік технология бойынша оқу процессін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған дөңгелек үстелдің модераторы –  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ОӘО аға оқытушы-әдіскері, полиция капитаны Р.Б. Молдыбаева болды.
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар қатысты:

  1. Каирова Нелля Имамуратовна – ҚОХУ заңтану кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор.
  2. Сүлейменова Құндыз Орынбасарқызы – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ әдіскері.
  3. Шукурова Бибиғайша Мақсұтқызы – С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің әлеуметтік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, экономика магистрі.
  4. Ақтайлақова Гүлмира Нұрлановна – С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің тіркеу офисінің және білім алушыларға қызмет көрсету орталығының директоры, экономика магистрі.
  5. Тлеулина Жеміскүл Жеңісқызы – С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің білім алушыларға қызмет көрсету орталығының және тіркеу офисінің тіркеушісі, экономика магистрі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты ҚР ІІМ АЗИ-да оқытудың кредиттік технологиясын жетілдіру бойынша пікірлердің кең спектірін ашу, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқумен байланысты түсініксіз және даулы жағдайларды талқылау және консенсусқа қол жеткізу  болып табылады.
Конференция барысында курсанттардың академиялық ұтқырлығы, «Платонус» бағдарламасы, оның Ақтөбе қаласының азаматтық жоғары оқу орындарында қолданылуы, профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы     № 1080 «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оқу жүктемесінің есептелуі және т.б. мәселелер талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.

ОӘО аға оқытушы-әдіскері
полиция капитаны                                            
Р.Б. Молдыбаева

 
SAM_4592