Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы полиция полковнигі А.Ү. Әбдіғалиевтің Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО ардагерлерімен кездесуі

2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы полиция полковнигі А.Ү. Әбдіғалиев жұмыс барысының аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді.

         Күн тәртібінде жоғары оқу орнын жетілдіру қызметі мен перспективалық жоспары бойынша басты сұрақтар, сонымен қатар, ардагерлердің институттың  қызметтік қарекетіне белсенді араласуы талқыланды.

         Институт пен алғашқы ардагерлер ұйымы арасындағы тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету, зейнеткер-ардагерлерді және олардың отбасы мүшелерін қолдау, олардың жас қызметкерлер мен курсанттарға кәсіби-өнегелі тәрбие беру жұмыстарына белсенділігін арттыруға тарту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында ардагерлердің мұқтаждығына қамқорлық көрсетіп, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге қолдан келер көмекті аямау қажет.

Сонымен қатар, А.Ү. Әбдіғалиев институттың ІІО-ның Ардагерлер кеңесіне  жас қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында (тәлімгерлер ретінде) өздерінің өмірлік тәжірибелерін үйретуін, ауыспалы құраммен жүйелі түрде кездесулер (дәріс, әңгімелесу) мен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын  өткізу  қажет екендігін атап өтті.

Кездесу соңында полиция полковнигі А.Ү. Әбдіғалиев ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және еліміз Қазақстан Республикасының игілігі үшін сарқылмайтын күш-қуат пен шығармашылық табыс тіледі.

 

ҒЗжРБЖҰБ

 
01