Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары мен курсанттарының «Қос шынар» Әлия-Мәншүк Қоры қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» мекемесі ұжымы ұйымдастырған «Тәуелсіздік пен патриоттықтың ордасы – Астанаға 20 жыл» атты дөңгелек үстелге қатысуы туралы

2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.С.Салауатов пен 1 «А» курсының 104 – топкурсанттары «Қос шынар» Әлия-Мәншүк  Қоры қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» мекемесі ұжымы ұйымдастырған «Тәуелсіздік пен патриоттықтың ордасы – Астанаға 20 жыл» атты дөңгелек үстелге қатысқан болатын.

Дөңгелек үстелдің модераторы «Қос шынар» Әлия-Мәншүк  Қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байдербес болды.

Дөңгелек үстелде өз баяндамаларымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтөбе облысының «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, ұшқыштар мектебінің бастығы А.Курбанов, қоғамдық келісім бөлімінің меңгерушісі Т.Сапаров, М.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты А.Смагулова, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Салауатов қатысты.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде Ақтөбе қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында келесі сұрақтар талқыланды:

  1. Жастарды патриоттық тәрбиелеу: отансүйгіштікке тәрбиелеу мен өнегелік негіздерін қалыптастыру;
  2. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы;
  3. Астананы көшірудің тарихи шешімі – 20 жыл;
  4. «Экспо – 2017»: маңыздылығы, экономикалық тиімділік пен қолдану болашағы;
  5. Астана қаласының қалыптасу тарихы;
  6. Қазақстан жолы стратегиясы – 2050: «Мәңгілік Ел» Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы негізгі тарихи құжат;
  7. Қазақстан ұлттарының ұлттық мәдениеттерімен курсанттарды таныстыру.

Дөңгелек үстел соңында «Қос шынар» Әлия-Мәншүк  Қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байдербес қатысушыларға қызықты әрі танымды баяндамаларын оқығаны үшін өз ризашылығын білдірді. 

 

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі                      

М.С.Салауатов