Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ МЕН № 5 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ БІРЛЕСЕ ӨТКІЗГЕН «БАЛАЛАР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ЕСЕБІ

Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 2018 жылғы 11 мамырда Ақтөбе қаласының № 5 жалпы білім беретін орта мектебі базасында ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, сондай-ақ,  «Балаларды және олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттық және телекоммуникациялық желілер арқылы таратылатын ақпараттардан қорғаудың құқықтық кепілдігі» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында «Балалар және қауіпсіз интернет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталмыш дөңгелек үстелдің модераторы ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция подполновигі Мақсат Салауатұлы Салауатов болды.

Дөңгелек үстелге ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Ғалия Жанабекқызы Сүлейманова, Ақтөбе қаласының № 5 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Алибек Абылхайырұлы Төлегенов, Ақтөбе облысы ІІД ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ақтолқын Нұрымбайқызы Утешова, Ақтөбе облысы білім беру басқармасының бас маманы Амина Мәдиқызы Нұрманова,  № 5 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Жақсылыққызы Төлегенова, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының доцент м. а., полиция подполковнигі Қанат Сәрсенбайұлы Сүлейменов, № 5 жалпы білім беретін орта мектебінің әлеуметтік педагогы Айнұр Нұрланқызы Қайдасова, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Қуат Ерланұлы, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының 101 – тобының 1 А курсының курсанты,  қатардағы полиция Жанболат Ілиясұлы Бейсейтов, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының 101 – тобының 1 А курсының курсанты,  қатардағы полиция Зарина Максотқызы Забихова, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының 103 – тобының 1 Б курсының курсанты,  қатардағы полиция Арман Қайратұлы Жақсымбетов қатысты.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге мектеп ұстаздары, оқушылар және ата-аналар комитеті қатысты.

         Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты – интернет желісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға қатысты жасалатын онлайн-құқық бұзушылықтарды алдын алу, сондай-ақ, қауіпсіз интернетті пайдалану.

         Дөңгелек үстел барысында балалардың интернет желісіне без берекетсіз әрі бақылаусыз қосылуы, оқушылардың киберқапуіпсіздік пен сандық сауаттылығын арттыру жолдары  ата-аналар мен педагогтар қоғамының ақпарат кешенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды. Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тақырыпқа қатысты пікірлерін білдірді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлының Қаракүшев атынан алғысхат табыс етілді.

 

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы полиция подполковнигі                

М.С.Салауатов