Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 1 А және 1 Б курс курсанттарына арналған «Білім алу-мақсатың, білімді болу-міндетің!» атты оқу жиынының өтті

Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жаңадан оқуға келген 1 курс курсанттарына институттың кафедралары мен бөлімдерінің қызметімен таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде институттың күндізгі оқу факультеті «Білім алу-мақсатың, білімді болу-міндетің!» атты оқу жиынын өткізді. Оқу жиынның мақсаты жаңадан оқуға келген курсанттарды институттың кафедралармен, профессорлық оқытушы құрамымен және институттың бөлімдерінің қызметімен таныстыру болатын. Ұйымдастырылған оқу жиыны 1курс курсанттарына институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова мен институт бастығының орынбасары полиция полковнигі К.М.Манапбаевтың  айтылған тілектерінен басталды. Күндізгі оқу факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Д.Ж.Үсенов 1 курс курсанттарына институттың құрылу тарихын айтып, оларға өтетін пәндерді, академялық күнтізбені слайд түрінде көрсету арқылы оқыту процесін таныстырды. Оқу жиынында институттың оқу процесін жүзеге асыратын кафедралардың бастықтары өзі басқарып отырған кафедраларының тарихына тоқталып, профессорлық оқытушы құрамымен жеке-жеке таныстырып, оқытушылардың жеткен жетістіктерін слайд түрінде институттың LEDэкранында көрсетті.

Сонымен қатар, курсанттарды институттың жалпы және арнайы кітапханаларының меңгерушілері кітапханалар жайында таныстырып өтті. Институттың ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімі де өздерінің институт аумағында, Қазақстан Республикасының ІІМ жоғары оқу орындарында және басқа жоғарғы оқу орындарда курсанттардың қатысуымен өткізілген конференциялар, семинарлар мен институтта өткізілетін ғылыми үйірмелер туралы курсанттарға айтып, бұрын өткізілген іс-шаралардың бейнекөріністерін көрсетті.  

Сонымен қатар, курсанттарды институттың кадр және тәрбие жұмысы бөлімдерінің қызметкерлерімен таныстырып өтті. Сонан соң тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы 1-ші курс бойынша тағайындалған топ жетекшілерінің бұйрығын оқып, курсанттарды топ жетекшілерімен таныстырды.

Оқу жиынның соңында тағайындалған топ жетекшілерімен өз топтарының курсанттарына институт ішіне саяхат жасалды.

КОФ оқытушы-әдіскері

полиция  майоры А.А.Умурзакова

 
09