Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарына Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатовтың тәжірибеге бағытталған дәріс сабағы

2019 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жетілдіру туралы 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында және аумақтық полиция қызметтерінің ІІМ жоғары оқу орындарының оқу үрдісін тәжірибеге бағыттылығын күшейту аясында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен күндізгі оқу факультеті курсанттарына «Уголовные масти. Система управления уголовной средойкриминальными лидерами» тақырыбына дәріс сабағын өткізді.

Полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов алғашқылардың бірі болып «Қазақстан Республикасында ұйымдасқан қылмыспен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық өзекті мәселелері» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғаған. Дәріс барысында ол полиция департаменті қызметтерінің өзекті мәселелерін,құқық бұзушылықтармен, соның ішінде ұйымдасқан қылмыспен күресте заманауи технологияларды қолданатындықтарын атап өтті. Сондай-ақ қоғам мен басқа да ұйымдармен ынтымақтастық туралы мәселелерді қарастырып өтті.

Дәріс барысында қылмыстық әлемде немесе жалпы қоғамдағы криминалдық субмәдениет, спецификалық идеологияның мәні рөлі, қаланың қылмыстық ортасымен күрес шаралары туралы сұрақтар қарастырылып, тәжірибеден мысалдар келтірілді.

Дәрістің өту барысы құрамды, курсанттар мен қатысып отырған жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушылары тарапынан қызығушылық білдіріліп, сұрақтар қойылып, өз көзқарастарымен бөлісті. Дәрістің қорытынды бөлігінде з.ғ.к., полиция генерал-майоры М.Х.Абисатов қорытынды жасап, ұсыныстар мен тілекбілдірді. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты курсанттарының жалпы теориялық білімдерінің жақсы деңгейде екендігін көрсетіп, тәжірибеге бағытталған дәріс сабақтарын өткізу мен оң тәжібені зерделеу болашақ полицейлерді дайындауда өз үлесін әкелетіні сөзсіз екендігін атап өтті.

Жедел іздестіру қызметі кафедрасы        

бастығының міндетін атқарушысы

полиция майоры

К.Е.Каратаев