Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АЗИ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫНЫҢ ОТБАСЫНДА ЖАҢАЛЫҚ — КӨПТЕН КҮТКЕН ҰЛ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Полиция майоры Жұбандықова Ләззат Абылқайырқызы – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы. Ол отбасында жолдасы С.С. Дельмановпен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Отбасының үлкен қызы 14 жаста, мектеп оқушысы, ал ұлының дүниеге келгеніне әлі  бір ай да толған жоқ.

         Анасы кішкентай ұлы Ерханмен бірге өздерін жақсы сезінеді. Олар отағасының, қызының, екі әжесінің және екі атасының ықыласы мен қамқорлығына бөленуде.

         2017 жылғы 22 маусымда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы, Әйелдер кеңесі, ҒЗжРБЖҰ бөлімі полиция майоры Л.А.Жұбандықованы ұлды болуымен құттықтады.

         Бақытты отбасына нәрестелі болуына байланысты тағы да жақсы лебіздерімізді арнай отырып, сәбидің өмірде ата-анасына тірек болар адал, мейірімді, мықты және әділ ұл болып өсуіне, сонымен бірге нағыз ер жігітке тән ағаш егіп, үй салатын және өнегелі ұрпақ тәрбиелейтін адам болуына тілектеспіз.  Өмірге келген сәбидің махаббат пен шаттыққа бөленіп, мейірімді, жылы құшақта денсаулығы мықты болып өсуіне тілекшіміз.

 

   Институттың Әйелдер кеңесі

   

 
_DSC5572