Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні  салтанатты түрде аталып өтілді. Шараға институттың жеке құрамы және курсанттар қатысты. Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Дастан Амангелдіұлы Дәулетияров шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясы күні  мерекесімен құттықтап,  қазіргі таңда ел тәуелсіздігінің кепілі Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отырғандығын
айтты.

Шара барысында мерекелік бұйрық оқылып, институт қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтары және медальдар табысталды. Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Т.Ү. Илайков «Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы» атты баяндамасын оқыды. Баяндамада Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданғандығы және Ата Заң қабылданған күн – мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасы Конституциясының күні деп жарияланғандығы туралы айтылды.

Іс-шара фото және бейнетаспаға түсірілді.  

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны   

З.А.Мухангалиева