Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қытай Халық Республикасы Ланфан қаласындағы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Қарулы полициясы академиясы базасында өткізілген «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы терроризммен күресу» тақырыбы бойынша өткен семинарға қатысу туралы

2018 жылғы 24 мамырдан 8 маусым аралығында Қытай Халық Республикасы Ланфан қаласындағы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Қарулы полициясы академиясы базасында өткізілген «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы терроризммен күресу» тақырыбы бойынша өткен семинарға Қазақстан Республикасы делегациясы құрамының ішінен жалпы құқықтық пәндер кафедра бастығының орынбасары полиция майоры  Илайков Темірбай Үсенұлы  қатысты.

         2018 жылғы 25 мамырда Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Қарулы полициясы академиясы аумағында семинар басында Қазақстан және Қытай Халық Републикасының әнұраны орындалды.

         Алғысөзбен сөз сөйлегендер: Саяси Академия директорының орынбасары Лю Цзинь Цену және Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Басқару департаменті бастығының орынбасары Ма Вей Я.

         Олар өздерінің баяндамаларында 1981 жылы сәуір айында құрылған Қарулы  полициясы академиясының тарихымен таныстырды. Аталған Академия 37 жыл ішінде 60 мыңнан жоғары қызметкерлер дайындағанын баяндады. Қазіргі таңда Академияда 5 мыңнан астам курсанттар жоғары білім алуда. Академия БҰҰ бітімгершілік бөлімі, күзет, өртке қарсы қызмет, шекара қызметі бойынша кадрлар дайындайды.

         Оқу барысы орыс тілі аудармасымен қытай тілінде жүргізілді.

2018 жылғы 25 мамырда «Международный  научный семинар охраны крупных массовых мероприятий 2018» тақырыбында Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Қарулы полициясы академиясы және РФ ІІМ Краснодар университеті арасындағы меморандум шеңберінде семинар өткізілді. РФ ІІМ тарапынан аталған семинар жұмысына университет бастығының бірінші орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор полиция генерал – майоры О.М.Булгаков және осы университеттің ғылыми жұмысы бойынша орынбасары заң ғылымдарының докторы, профессор, полиция  полковнигі А.Л.Осипенко қатысты.

2018 жылғы 7 маусымда семинардың жабылу салтанаты өткізілді. Курстың аяқталуы бойынша Академия директорының орынбасары  Лю Цзинь Цен барлық қатысушыларға сертификат табыстады.

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция майоры Т.Ү.Илайков

 
20180511_154541