Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тіл апталығының ашылу салтанаты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2018 жылғы 5 қыркүйекте жыл сайынғы дәстүрмен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Халықтың рухын көтеретін басты құрал – оның ана  тілі» атты тіл апталығы басталды.

Апталықтың ашылу салтанатында институт бастығының сап бөлімі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Қ.М.Манапбаев сөз алып, барша қазақстандықтар үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейраммен институттың тұрақты және ауыспалы  құрамын құттықтады. Ары қарай институттың жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті полиция полковнигі Ж.М.Есмамбетова «Наша сила – в единстве» тақырыбындағы баяндамасын оқып, көпұлтты Қазақстанның құрылу тарихына тоқталып, мемлекетімізде әрбір ұлттың тілі мен мәдениетіне қамқорлық жасалғанын атап өтті.

Шара қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылына арналған әдеби кешке ұласты. Ағартушының өмірдеректерімен танысып, бейнебаяндар тамашаланып, 1 курс курсанттары ақынның жыр жолдарын оқыды.

Осылайша, курсанттар рухани қорек алып, Отанға, халқына деген ерекше сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне бөленді.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Ж.Б.Нурмухамбетова

 
02212027