Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ұлтымыздың мақтанышы, үлкен рухтың иесі

2019 жылғы 24 сәуір күні сағ. 11:00-де Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 312 атқыштар дивизиясы мен 101 атқыштар бригадасының құрметіне аталған  «Зеңбірек» ескерткішібелгісі алаңында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Ұлтымыздың мақтанышы, үлкен рухтың иесі» атты тағзым сағатын өткізді. Батыр қызымыздың ерлігі туралы әңгіме болып, ақындарымыздың Әлияға арналған өлеңдері оқылып, патриоттық әндер бейбіт көгімізде  шарықтата шырқалды.

Аталған шараға КР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1А,1Б, 2А курс курсанттары белсене атсалысты, атап кетсек: 2А курс курсанты Зарина Забихова батыр қызға арнаған өз туындысын оқыса, 1А курс курсанты Назым Айдосқызы Б.Тәжібаевтің сөзіне жазылған С.Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындады. Оқырмандар назарына «Әлия рухы – мәңгі асқақ» атты кітап көрмесі ұсынылды.Шара соңында қатысушылар мен қонақтар естелік суретке түсті. Институттың кітапхана  қорына  әскери тақырыпта үш кітап табысталды.

Жалпы кітапхана меңгерушісі                        

З.Н.Карасаева