Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы

     2019 жылғы 18-23 ақпан аралығында Қазақстан республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында  көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары біліктілігін арттыру курсынан өтті.
     Тыңдаушылардың оқу бағдарламасын тәжірибемен байланыстыру үшін  Ақтөбе  қаласының  құқық  қорғау органдары мен өзге де  мекемелеріне шығу сабақтары ұйымдастырылды. Мысалы, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы полиция майоры Е. Балымов тыңдаушыларды Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөліміне апарды.
     2019 жылғы 21 ақпанда кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С. Гизатовтың бастамасымен тыңдаушылар Ақтөбе облысы қан орталығына барып, науқас адамдарға арнап ерікті түрде қан тапсырды.
     2019 жылғы 22 ақпанда 2 «А» курсының курсанттарына арнап олардың оқу бағдарламасын тәжірибемен ұштастыру мақсатында Қарағанды станциясы желелік полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры С.С. Омарбеков сабақтан тыс уақытта олармен тәжірибе сабағын өткізді.  Сабақ барысында тәжірибеде қолданып жүрген жаңа әдістер, заңнамалық актілер, жүк поездарының тасымалдау ережелері, аймақтық органдардың көліктегі полиция жұмысымен салыстырғандағы ерекшеліктері, төтенше жағдайлар кезіндегі ІІО қызметкерлерінің әрекеттері, ІІО өзге де бөлімдерімен қарым-қатынасы, халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі әрекеттері, ІІО қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынасындағы және даулы жағдайлардағы қатынас туралы мәліметтермен таныстырды. Сабақтан бос уақытта тыңдаушылар институт кітапханасында өзіндік дайындықта болып,  оларға патриотттық тұрғыдан тәрбие беру мақсатында Ә.Молдағұлова атындағы мұражайға апарылды.
     Курс аяқталған соң тыңдаушылар тесттік сұрақтарға жауап беріп, оқылған тақырыптар бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағалар алды. Курсты толық оқып аяқтаған барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А.Сағынтаева

 
03156220