Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Әкімшілік деликтология: жай-күйі, мәселелері және переспективалары» тақырыбындағы Халықаралық конференция

2017 жылғы 30 маусымда Ресей ІІМ Орал заң институтында  (Екатеринбург қаласы) Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық  бұзушылықтар туралы кодексінің қолданысқа енгізілгеніне  15 жыл толуына орай «Әкімшілік деликтология: жай – күйі, мәселелері және переспективалары» тақырыбындағы Халықаралық конференция өтті.

Халықаралық конференцияға РФ ІІМ Орал заң институты, Ресей  ІІМ  В.Я. Кикотя атындағы Москва университеті,  РФ ІІМ Омск академиясы, Орал мемлекеттік экономикалық университеті және Орал мемлекеттік заң университетінің профессорлық – оқытушылық құрамы, Монғолия, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келіп оқып жатқандар және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Дәулетияров, жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Т.У.Илайков, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Д.О. Құдайбергенов қатысты.

Конференцияны РФ ІІМ  Орал заң институтының бастығы, философия ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  полиция генерал-майоры Гук Александр Иванович ашты.

Сонымен бірге, конференция жұмысына РФ ІІМ Орал заң институтының әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі А.В.Коркин, Орал заң институтының басқарудың теориясы және практикасы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, доцент Д.В.Осинцев, Ресей  ІІМ  Москва университетінің (Рязань филиалы) мемлекеттік және азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты      А.И. Попов ғылыми баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды.

Пленарлық отырыста  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмыс жөніндегі орынбасары Д.А.Дәулетияров баяндама оқыды.

Аталған шара біздің елдердегі жоғары оқу орындарының арасында ары қарай жемісті ынтымақтастықты дамытуға бағытталған шешуші қадам болды.

Конференцияның қорытындысы бойынша РФ ІІМ  Орал заң институтының бастығы, философия ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  полиция генерал-майоры Гук Александр Иванович барлық қатысушыларға сертификат табыстады.

 

Т.У.Илайков

ЖҚП кафедра бастығының орынбасары

полиция майоры

 

 
13