Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының апталығы

Ағымдағы жылдың 3-8 желтоқсан  аралығында институттың әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының  апталығы өткізілуде.
Аталған іс-шараны өткізуге бағдарлама дайындалды.
1 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының апталығы аясында волейбол жарысын өзкізу үшін ереже дайындалып, Ақтөбе қаласында орналасқан ЖОО-на жолданды. 
3 желтоқсан күні институттың акт залында кафедра апталығының ашылуы және «Күрестің жауынгерлік тәсілдері» пәнінен электрондық оқу-тәжірибелік құралының тұсаукесері ұйымдастырылып, өткізілді. 
Бұл электрондық оқу-тәжірибелік құралы «Жауынгерлік өнер мен спорттық жекпе-жек түрлері: ғылым, тәжірибе, тәрбие» ғылыми-зерттеу жұмысы аясында дайындалды. Одан әрі институттың спорт залында институттың профессорлық-оқытушылық құрамына бокстан СССР спорт шебері, Қазақстан Республикасы қоян-қолтық ұрысынан ұлттық дәрежедегі төреші Ғалымжан Жұмашұлы Ақшолақов күрестің жауынгерлік тәсілдерінен шебер класс ұйымдастырып, өткізді.

ӘжДШД кафедрасы
бастығының м.а.
полиция подполковнигі
С.М. Мусин

 
IMG-20180527-WA0049