Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Өмір қауіпсіздігі үшін жол қауіпсіздігі»

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамымен 2020 жылдың 16 қаңтарында «Өмір қауіпсіздігі үшін жол қауіпсіздігі» жобасының шеңберіндеАқтөбе қаласы, Ораз Татеұлы көшесі 3 «Б» мекенжайында орналасқан М.Дулатов атындағы №63 жалпы білім беретін мектеп-лицейіндежол қозғалысы ережелерін сақтауды қалыптастыру мақсатында 5-ші кадет класы оқушылары арасында тәжірибе сабағын өткізілді.

Кафедра қызметкерлерімен жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына жиі кездесетін жол белгілерін бояу түрінде оқу материалы дайындалып, тәжірибелік оқу сабағы барысында апробацияланды.

Сонымен қатар, оқытатын бейнефильм көрсетіліп, бейнефильм автомобиль жолдарын өту барысында дұрыс әрекеттер алгоритмін және оларды жүзеге асыру барысында жиі жіберілетін кемшіліктер қарастырылды.

Осы аталған оқу сабағы барысында оқытушы мен білім алушы арасында байланыс орнап, соңғылары белсенді қатысты.

«Өмір қауіпсіздігі үшін жол қауіпсіздігі» жобасы-бұл қоғамдық тәртіпті қорғау мен жол жүру қауіпсіздігін және жол көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ағартушылық, ұйымдастырушылық, құқықтық шаралар кешені болып табылады. 

Қазақстан Республикасы ІІМ

М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының

көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Қ.Жакенов

 
02085053