Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Өртке қарсы қауіпсіздік туралы тәжірибелік сабақ

2019 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі            А.М. Сайтбековтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына Ақтөбе қаласы өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерініңэкипажы тәжірибелік сабақ өткізді.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің экипажы институт аумағына арнайы өрт сөндіруге жасақталған өрт сөндіру машинасымен келді. Сабақ барысында Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Мұхиев тыңдаушыларға өрттің алдын-алу, адам өмірін қорғау, сонымен қатар өрт сөндіруге байланысты техникалық құралдардың түрлерін, техникалық мінездемелерін теориялық тұрғыда түсіндірді.

Содан соң, өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командиры азаматтық қорғау старшинасы Е.Тукенов тыңдаушыларға өрт сөндіру автокөлігінің техникалық қамтамасыз етілуін, өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібін, түтіннен, газдан қорғануды тәжірибелік тұрғыда көрсетті.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тыңдаушыларды өрт сөндіру автокөлігінің көмегімен өрт сөндіру барысымен таныстырды.

КжҚБФ бастығы

полиция полковнигі                                        

С.Б. Гизатов