Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРС

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басты рәміздері  Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту мақсатында 2017 жылғы 01 маусымында Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институтында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына  орай  «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбындағы интеллектуалдық конкурс өтті.  Аталған    іс — шараны  жалпы құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.

Конкурстың мақсаты —  мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеуге, туған жері мен елін сүюге, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, туған халқымыздың салт – дәстүрін жалғастыруға, патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту және халқының тегін, тарихын білуге және елінің болашағына үлес қосып, еліне, жеріне деген ұлтжандылық сезімді қалыптастыру.

 Конкурсқа Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институтының курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары қатысты.    

Конкурсқа әділқазылар ретінде  Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институт бастығының орынбасарлары мен факультет, кафедра басшылары шақырылды.  

Конкурс 5 кезеңнен тұрады:

 1-кезең.  Таныстыру: команда атауы, төсбелгі мен әнұраны; 

 2-кезең. Блиц сұрақтар;

 3-кезең. Команда капитандарының конкурсы;

4-кезең. – Үй тапсырмасы;

5-кезең. – Ең үздік ән;

Конкурс жеңімпаздары  Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  заң  институтының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен,                 ал белсенді қатысушыларға  жоғары дәрежеде білім көрсеткен қатысушылар грамоталармен  марапатталды.   

Жалпы құқықтық пәндер кафедра

бастығының орынбасары

полиция майоры Т.У.Илайков

 

 
03219302