Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлерінің «Патон» туристік-спорттық базасына шығуы

3.03.2017

Қыс мезгілі – жыл мезгілінің ғажайып сәтінің бірі, оны төрт қабырғада қарап отырмай, денсаулыққа пайдалы әрі қызықты етіп өткізуге болады!  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы 2017 жылдың 2 наурызында қысқы спорт түрінен жарыс ұйымдастырды (шаңғы мен қысқы футбол), жарыс аяқталысымен таза ауада ойындар ойыналды, таза ауада дастархан жайылды – бұның бәрі адамға оң әсерін тигізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

Институт бастығымен ұйымдастырылған қысқы демалыс иммунитеттің нығайуына және жеке құрам арасында қызықты және пайдалы уақыт өткізуіне себебін тигізді. 

Шаңғы жарысында 60-тан астам қызметкерлер қатысты. Жарыс барысында қызметкерлер 2 км қашықтыққа, әртүрлі кедергілерді бағындыра жүрді. Арақашықтыққа олар уақыт арқылы жіберілді, өйткені, ережеге сай, мәрегеде сол ретпен келгенімен, ақтық мәреге жеткенше, топтасып келгендерде болды. «Патон» базасының арақашықтығы оңай емес және жақсы дайындықты талап етеді. Бастысы, өз мүмкіндіктеріне қарай, барлығы бірдей шартпен жарысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді үздік уақыт бойынша анықтады. Аталған іс-шарада жігерлі музыка және фото, видео-түсірілім болды.

Қысқы жарыстың екінші кезеңі қысқы футбол болды. Бұл жарысқада қызметкерлерімен, жеңіске деген жігерімен қызмет басшыларыда қатысты. Осыдан кейін жарыстың қорытындысы шығарылды.

Дайындалған ыстық шәй, далада дайындалған түскі ас және жайылған мерекелік дастархан мерекенің шарықтау шыңы болды.  

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев осындай мереке дәстүрлі болуын айтты: «Бұл қызметкерлердің өзара араласуына, отбасымен демалуына, қызмет барысының ажырамас бір бөлігі болып табылатын спорттағы жетістіктерін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Өйткені дене дайындығысыз ішкі істер органдары қызметкерлері өз міндеттерін сапалы жүргізе алмайды».

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспеторы

полиция аға лейтенанты

Саркулов Д.М.

 
02 01089154 03156134 IMG_0348 IMG_4518