Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Эстафеталық жарыс

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы әйел қызметкерлері арасында спорттық ойындардан эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 2017 жылдың наурыз айының 6-сы күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында өткізілді. Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары  полиция подполковнигі Ғалия Жаңабекқызы Сулейманова сөз сөйледі. Өз сөзін «институттың әйел қызметкерлерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, эстафеталық жарысқа қатысатын әйел қызметкерлерге жақсы көңіл-күй, жеңіс тіледі».

Сайыс қазақы дәстүрге тартып, «қамажай» биімен ашылды.

Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттердің бірі болу керек.

Жарыстың басталар алдында әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырылды.

Әділ қазылар алқасында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары  полиция подполковнигі Ғалия Жаңабекқызы Сулейманова, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Мирлан Сейілханұлы Балдаиров және хатшылық инспекторы Ақсамал Серікқызы Базарова болды.

Жарысқа «Алға», «Бірлік», «Жалын» командалары қатысты.

Жарыс 5 сайыстан тұрды.

  • Кенгуру.
  • Тепе-теңдікті сақтау.
  • Ламбада.
  • Секіргіштен секіру.
  • Айып добын салу.

Әр сайыс сайын әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер, белбеу күресінен спорт шебері полиция аға лейтенанты Қосмұратов Айбек Қабашұлы  жарыстың ережелерімен таныстырып отырды және ән шырқалып, бимен жалғасты. Әділ қазылар алқасы әрбір команданы бақылап, әділ бағасымен бағалады.

Жарыс барысында жанкүйерлер жарысқа қатысушы қызметкерлерге рух беріп отырды. Жарыс қызық әрі әсерлі өтті. Эстафета жарысында әр команда жеңуге деген үлкен ерік көрсетті.    

Жарыста ұпай санымен «Алға» командасы алға шықты. 2-ші орынды «Бірлік» командасы, 3-ші орынды «Жалын» командасы иеленді.

Жарыстың марапаттау рәсімі наурыздың 7-сі күні институттың әйелдер қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарламада аталып өтті, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Каракүшев жеңіске жеткен командаларды жариялап, әйел қызметкерлерді ақшалай және мақтау қағазымен марапаттады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев

атындағы Ақтөбе заң институтының

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов