Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біздің борыш – террористтік акт құрбандарын мәңгілік есте сақтау

2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында «Біздің борыш – террористтік акт құрбандарын мәңгілік есте сақтау» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 1 — курс курсанттары қатысты. 2016 жылғы 5-6 маусымда террористтік актта қаза болғандарға арналған жиналыс үнсіздік минутымен басталды. Іс-шараның мақсаты: мәселені талқылау, террористтік және экстрималды сипаттағы діни радикалды топтарға жастарды арбалаудың алдын алу. Іс-шара өткізу барысында жалпықұқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А. К. Каримбаева және 1 — курс бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полиция капитаны Ш. Т. Ельтаев сөз сөйледі.

Полиция подполковнигі А. К. Каримбаева бұл жағдай туралы: «Осыдан бір жыл бұрын біз жан түршігерлік оқиғаны бастан кешірдік. Бұл оқиғаның нәтижесінде әскери борышын өтеп жүрген әскери қызметкерлер татулық пен бейбітшілік сақтау мен Ақтөбе тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз өмірлерін құрбан етті. 2017 жылы 5 шілде күні әскери бөлім аймағында қаралы митинг өткізілді. 2016 жылдың қазан айында мемлекет басшысының тапсырысымен «Халыққауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша облыста республикалық десант жұмыс жасады. Бұл бағдарлама шегінде 145 мыңнан астам адамды қамтыған 2500-ден артық іс-шаралар жүргізілді, 6600 ақтөбеліктер нақты көмек алды. Әлеуметтік  желілерден 716 экстремисттік материалдар жойылды. Осы эффективті жұмыстың нәтижесінде тіркелген қылмыстардың саны 35,5%-ға азайды. Маусым айының оқиғасынан кейін бір жыл ішінде құқық қорғау органдарымен «салафизм» ағымының 64 ұстанушылары ұсталды, барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қан төгіс оқиғалар орын алған әскери бөлімінің екінші ротасында естелік бұрышы ашылды. Мұнда әскери борышын орындау кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің тізімі мәңгілікке енгізілді» — деп айтып өтті.

Іс-шара соңында «Ақиданың ақыры» атты фильм көрсетілді.

1 — курс бастығының

тәрбие жөніндегі орынбасары

полиция капитаны Ш. Т. Ельтаев

 
06 22