Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Соревнования по стрельбе

Қазақстан полициясының  25 жылдығын мерекелеу шеңберінде, институттың құрамы арасында «Макаров» тапаншасынан оқ атудан өткізілген  жарыс

2017 жылдың 9 маусымында институттың іс-шаралары жоспарына сәйкес  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тирінде Қазақстан полициясының  25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында институттың тұрақты құрамы арасында «Макаров» тапаншасынан оқ ату жарысы өткізілді.  Жарысқа 11 команда қатысты. Бұл спорт біріншілігі қызметкерлердің кәсіби дайындықтарының көрсеткіштерін айқындай түсті.

Жарысқа 11 команда мүшелері қатысты, оның  құрамын барлық кафедралар, бөлім мен бөлімшелер өздерінің 25 метр қашықтықтан екі қолмен  нысанаға дәл тигізетін  әйел мен ер адамдар арасындағы үздік атқыштарын ұсынды. Макаров тапаншасынан  оқ атпас бұрын, нормативті актілермен бекітілген қауіпсіздік шараларын  ұқыпты орындауға қатаң талап етілді. Нәтижелі табысқа қол жеткізу үшін, көздің көру қабілеттілігі мен қолдың беріктілігі қажет, сонымен қатар, әрине жолдың болуына да байланысты.

Жарыс келесі схема бойынша жүргізілді:

3 сынақ патрондар беріледі, соның  нәтижесінде ғана қатысушы есепке алынатын атысты дұрыстағаннан кейін барып, 3 рет есепке алынатын оқ ату жүргізіледі. Оқ атуға 12 секунд уақыт беріледі.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінішілікте орындар келесідей берілді:

  • І орын — «Қыран» командасы;
  • ІІ орын — «Тұлпар» командасы;
  • ІІІ орын — «Спартак» командасы.

Ерлер арасындағы жеке біріншілік жарыста:

  • І орын — полиция майоры Н. Қажығалиев;
  • ІІ орын — полиция капитаны А. Левченков;
  • ІІІ орын — полиция подполковнигі Н. Қаирғали.

Офицер әйелдер арасында:

  • І орын — полиция аға лейтенанты А. Жұмабаева;
  • ІІ орын — полиция капитаны Д. Дүйсембаева;
  • ІІІ орын — полиция майоры А. Сағынтаева.

Аталған жарыс спорттың қолданбалы түрін дамытуға және көпшілікке тарату мақсатында өткізілді, ал қатысушыларға жарыста жоғарғы көрсеткіш көрсетуге жүйелендірілген жаттығулар мен қарсыластарын  жеңуге деген ұмтылыстары мүмкіндік туғызды.

 

Қ.Д.Үмбетбаев

ӘжДШД кафедрасыынң доценті

полиция подполковнигі

no images were found