Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ИНСТИТУТ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ САМБОДАН 3-ШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

2017 жылдың 10-11 маусым аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан  «Батыс»  өңірлік қолбасшысының кубогіне 2016 жылғы 5 маусымда әскери міндеттерін орындауда қайсарлық танытып, қаза тапқан әскери бөлімінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан Батырларының  ерлігіне арналған самбодан турнир өткізілді. Турнирге 9 команда қатысты. Атап айтсақ, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті, ҚР Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты,  Ақтөбе станциясының желілік ішкі істер бөлімі,  ҚР Қарулы күштерінің  әскери бөлімі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің  әскери бөлімі,  ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты,  Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланы  әскери бөлімі командалары қатынасты. Соның ішінен институт құрамасы жүлделі 3 орынға ие болды.

57    келі салмақта 3-орында иемденген 1-курс курсанты Хамза Қазбек 3 дәрежелі диплом және медальмен марапатталды.

74   келі салмақта 3-орында иемденген 1-курс курсанты Үсенов Мерей 3 дәрежелі диплом және медальмен марапатталды.

90 келі салмақта 2-орынды арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушысы Қалижан Айдос 2 дәрежелі диплом және медальмен марапатталды.

Қысқа уақытта белдесу номинациясы бойынша 1-курс курсанты Үсенов Мерей дипломмен марапатталды.

Командалық есепте институт құрама командасы жүлделі 3-орынды иеленді.  Әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы Акшолаков Галимжан Жумашевич және 1-курс  бастығы полиция майоры Кажыгалиев Нурлан Нурмуханович  3- орынға арналған кубок және дипломмен марапатталды.   

Г.Ж. Ақшолақов

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

 
12043244 20180511_154541