Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттар арасындағы волейбол жарысы

23 маусым — Қазақстан полициясы күніне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 2017 жылғы 10 маусым күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Мирлан Сейілханұлы Балдаиров жарысқа қатысушыларды сапқа тұрғызып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевке баяндама жасады. Ту көтеріліп, гимн ойналды.

Волейбол жарысының ережелерімен жарыстың бас төрешісі әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты А.Қ.Қосмұратов таныстырды.

Жарысқа 4 команда қатысты. Волейбол жарысында әр команда ойыншылары жеңуге деген үлкен ерлік көрсетті. Жарыста ұпай санымен

1-курс курсанттарынан құралған «Арлан» командасы алға шықты. 2-ші орынға 4-курс курсанттарынан құралған  «Жастар» командасы, 3-ші орынға 1-курс курсанттары «Арыстан» командасы иеленді. Және осы волейбол жарысында «Үздік шабуылдаушы» номинациясына ие болған 1-курс курсанты «Арлан» командасының ойыншысы қатардағы полиция Әлімбаев Заңғар, 4-курс курсанты «Үздік ойыншы» номинациясына ие болған «Жастар» командасының ойыншысы қатардағы полиция Ержан Бақдаулет, 4- курс курсанты «Үздік байланыстырушы» номинациясына ие болған «Жастар» командасының ойыншысы қатардағы полиция Тайгарин Шамші марапатталды.

Жарыстың марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жеңіске жеткен командаларды мақтау қағазымен марапаттады.

А.Қ. Қосмұратов

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

 
03 04