Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Викторина

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі курсанттардың ғылыми қоғамымен бірге Қазақстан қызметкерлерінің  Ғылым күніне орай пәнаралық викторина ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: бұрын өткен оқу материалдарын теориялық қайталау, команда құрамында жұмыс жасай білу, қарсыласқа сыйластық таныта алу, жауапкершілік сезіміне  тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз ойларын сауатты жеткізе білуге жаттығу.

Үш кезеңнен тұратын іс-шара барысында «Феникс», «Эксперт», «Гарант» командалары сынға түсіп, курсанттар белсенділік таныта білді. Жеңімпаз атанған «Феникс» командасы 2017 жылғы 10-12 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында өтетін Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған «Сақшы қырандар» атты білім беру ұйымдарының курсанттары мен студенттерінің І халықаралық шығармашылық апталығына қатысады.

РБЖ тобының инспекторы

полиция аға лейтенанты

Ш.Ө. Смағұлова

 
05 05 07