Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

2018 жылғы 08 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру мақсатында Ғылыми кеңестің кезектен тыс кеңейтілген мәжілісі өткізілді

Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінің жұмысына Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Панақызы Шынтасова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Дмитрий Адамович Довматенко,  Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары Серік Амантайұлы Алипов, Алтынай Ерешқызы Мұханова, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы Мұратбек Санақұлы Ержақыпов, «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның төрағасы Абай Дидарұлы Сақтағанов,  институт басшылығы, институттың Ардагерлер кеңесінің өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам, біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары және күндізгі оқу факультетінің курсанттары қатысты. 

Мәжілісті ашқан институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев: «Елбасының қазақстандықтардың алдына қойған міндеттері еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсартуға бағытталған. Аталған бағдарламалық құжаттың барлық векторын табысты жүзеге асыру үшін азаматтардың өмір сүру қолайлығының бағалау критерилерінің бірі  ретінде анықталған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Осы жағынан, Жолдаудың 3-басымдығы шеңберінде құқық қорғау органдарының жұмысында терең де, сапалы өзгерістер енгізу міндеті қойылған. Мұндай өзгерістің әрбір тапсырмасы бойынша «…Елбасы Жолдауының талаптары шеңберіндегі ІІО-ның   міндеттері туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің алқасының 2018 жылғы 12 қазандағы №70КМ шешіміне енгізілді:

– ІІМ-нің штаттық санын оңтайландыру және полицияның өзіне тән емес функциялардан арылту;

– полицейдің жаңа стандартын бекіту, қызметкерлерді қайта аттестаттау;

– мансаптық жылжыту жүйесін өзгерту, кадрларды даярлау және іріктеу;

– халықпен жұмыстың заманауи форматтарын енгізе отырып, полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру;

– халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасау;

– оларға қоғам тарапынан сенім деңгейінің негізгі параметрлерін және халықтың қауіпсіздік сезімін қоса отырып, полицияны бағалау өлшем шарттарын түбегейлі өзгерту;

– құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мониторинг жасаудың инновациялық технологияларын және қазіргі заманғы жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін арттыру;

– қылмыстық-атқару жүйесінің және азаматтық қорғау органдарының қызметін және ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын жетілдіру;

– жеке құрам арасындағы тәртіпті және заңдылықты, сыбайлас жемқорлыққа жүйелік қарсы іс-қимылды нығайту;

– ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландыру.

Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасының» жобасы дайындалды, құжат шеңберінде 2019 жылғы қаңтардан бастап көптеген жаңалықтар күтілуде, оның ішінде ведомстволық білімді жаңғырту бойынша, дәлірек айтқанда, оқу мерзімін оңтайландыру туралы сөз болып отыр. Бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігі арнайы алғашқы оқыту курстарының шеңберінде 3-5 айда кадрларды даярлауды қарастыруда. Аталған курстарға жоғары заңгерлік білімі бар тұлғалар есебінен тыңдаушыларды іріктеу ІІМ-нің оқу орындарында тікелей жүзеге асырылады. Өз кезегінде айта кеткім келеді, берілген тапсырманы жүзеге асыру үшін институтта барлық жағдай жасалынған, атап айтқанда: жоғарыбілікті профессорлық-оқытушылық құрам, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық база, сонымен қатар, оқытылатын пәндер бойынша тәжірибелік бағыттар» – деп, атап өтті.

С.П. Шынтасов өз сөзінде полицияны бағалау критерилерінің түбегейлі өзгерістері бойынша мәселелерді, сонымен қатар, халықпен жұмыс жасаудың заманауи пішімін түсіндіріп, қарастырды. Баяндамашы Ақтөбе қаласында жүзеге асырылып жатқан «Жайлы орта — бұл қолжетімді тұрғын үй, қолжетімді білім, қолжетімді жұмыс» ипотекалық тұрғын үй  бағдарламасына байланысты сұрақтарға тоқталды.

Бүгінгі таңда мемлекет қолжетімді баспанаға қол жеткізушілер үшін  «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «7-20-25» бағдарламаларын жүргізуде. Біздің Ақтөбе қаласында да аталған бағдарламалар енгізілуде. 2018 жылғы 07 қарашада Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаев Тұрғынүйқұрылысбанкімен меморандумға қол қойды, бұл құжатқа сәйкес тұрғын үй сатып алу үшін жергілікті бюджеттен алғашқы жарналарды қаражаттандыру, дәлірек пәтер бағасының 10%-ын бөлу қарастырылды. Мұндай жеңілдіктер аумағы 50 шаршы метрлік 500-ден астам пәтерді иемдену үшін мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне беріледі.

Сонымен қатар, баяндамашы жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту, қаланың елдімекендерін сумен жабдықтау жұмыстарын жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру сұрақтарына, «миллион тұрғыны бар қала» құру үшін қалаға халықтың шоғырлануы жөніндегі стратегиялық жоспарға қатысты мәселелерге  тоқталды.

Жолдаудың «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» жөніндегі төртінші басымдылығына сәйкес мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру жөнінде А.Е. Мұханова сөйлеп, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыруға қатысты, бюджеттен бөлінген қаражаттың жоғары қайтарымы, жемқорлықпен белсенді күресті жалғастыру, Үкіметтің және барлық мемлекеттік органдардың қызметінде бюрократтық формализмді төмендету қажеттілігі, барлық реформаларды жүргізу үшін механизмді күшейту туралы сұрақтарға тоқталып, түсіндіріп өтті.

Д.А. Довматенко өз сөзінде Жолдаудың бесінші басымдылығы «Тиімді сыртқы саясат» шеңберінде Қазақстанның тиімді жаңғыруын қамтамасыз етуде Елбасы атап көрсеткен бастамашыл белсенді сыртқы саясат туралы айтты.

Баяндамашы Елбасының Жолдауындағы өзге міндеттердің өмірде іске асуына байланысты жүзеге асырылатын аталған басымдылықтың стратегиялық  маңызын атап көрсетті: «Біздің Президентіміздің тәуелсіздік жылдарындағы саясаты арқасында Қазақстан геовекторлық тәсілдемеде негізделген стратегиялық  көреген бағытты қалыптастыра алды. Бүгінгі таңда Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықпен мемлекетаралық байланысты нығайтты, мұның барлығы Елбасының бейбітшілік пен бірлік саясаты арқасында. Бұған «Сирия бойынша Астаналық процесс» мысал бола алады, бұл елдің реттестіру және  дағдарыстан шығу жөніндегі келіссөздердің жалғыз және тиімді пішімі болды десе де болады. Біздің әскери бітімгерлер де көмек көрсетті. Себебі, бейбітшілік болмаса, елде қалыпты жағдай болмайды, ел өз азаматтарының жарқын болашаққа деген үміті сөнеді».

Баяндамашы одан әрі Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығының барлық стратегиялық бағыттарына тоқталды.

Жолдаудың алтыншы басымдылығы «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуында» қарастырылған міндеттер туралы
С.А. Алипов сөйледі. Ол елде жүргізілетін реформалар аясында жалпы мақсаттар айналасындағы қоғамдық шоғырландырудың маңыздылығын атап көрсетті, Президенттің өткен Жолдауына сәйкес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының қатарына енген жастарды және отбасы институтын кешенді қолдаудың ерекше маңыздылығын баса айтты.

Өз кезегінде А.Д. Сақтағанов институттың болашақ түлектерінің — жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің, оның ішінде, учаскелік полиция инспекторларының алдына қойылған міндеттерге тоқталды. Баяндамашы азаматтардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында халықпен тиімді жұмыс жасау қажеттілігіне ерекше көңіл аударды, яғни учаскелік полиция инспекторларының азаматтар алдында  ішкі істер органдарының айнасы болып табылатындығын ескертті. Сонымен қатар, А.Д. Сақтағанов курсанттар мен тыңдаушылардың оқу орны қабырғасында үздік білімді игеріп, шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыруы қажеттігі, себебі нақ осы қасиеттер ІІО қызметкерлері арасында болатын аттестацияның нәтижесінде көрініс табатындығы  жөніндегі сұрақтарға тоқталды.

 Сөз кезегін алған М.С. Ержақыпов жастардың қоғамдағы орны, жастардың білімі мен біліктілігінің үлкен рөл атқараратындығына тоқталды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алдағы 2019 жыл — «жастар жылы» деп жариялағанын баса көрсете отырып,  елімізде қозғалған мемлекеттік жастар саясаты, оның заңнамалық қосымша нығайту идеологиялар мен технологиялар ғасырын ескере  жас адамның тұлғасын қалыптастыруда күн сайын ауысып, заманауи қысым беретін  21 ғасыр талаптарын ескере отырып, жас маманның заңнамамен бекітілген жасын 29 жастан 24-25 жасқа төмендетуін талап ететіндігін айтты. Баяндамашы: «Жастардың  міндеті —Отаншылдық рухтағы, кәсіби шебер, дені сау, адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті,  әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі  зор азамат болу, жастар — болашақтың «мәңгі қозғалтқышы». Біздің еліміздің белгіленген міндеттері  — еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жағдайындағы негізгі жауапкершілік, ұлттық бәсекеге қабілеттілігі деңгейін  одан әрі көтеріп, біздің еліміздің гүлденуі мен құрметке ие болуын қамтамасыз етуде алдыңғы аға ұрпақтың жасампаз істерінің эстафетасын әрі қарай жалғастыру міндеті нақ осы жастарға жүктеледі. Ал Қазақстанның гүлденуі бейбіт өмірге, оның көпұлтты халқының ынтымағы мен келісіміне байланысты. Құрметті курсанттар — құқық тәртібінің болашақ сақшылары, біздің республикамыздың азаматтарының құқық қорғаушылары, еліміздің қауіпсіздік пен амандық жағы қандай да бір шамада сіздерге де тиесілі. Сіздер, жас ұрпақ өкілдері, өз елдеріңізде жағдайды жақсартуда және адамдарға көмек беруде өз істеріңіздің лайықты маманы болуларыңыз қажет. Бұл мемлекеттің күшті де, үздік болуына көмектеседі», — деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, баяндамашы қоғамда жаңғырту үрдістеріне импульс беруші жергілікті жастар өкілдері өз қызметтерін белсенді жүргізіп жүрген   мемлекеттік бағдармаларға тоқталды.

Баяндамашылар өз баяндамаларында Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінің қатысушыларына еліміздің Президенті белгілеген барлық міндеттерді қызмет барысында жүзеге асыруына табыс тіледі.

Іс-шара соңында институт бастығы, полиция подполковнигі
С.И. Қаракүшев институттың профессорлық-оқытушылық құрамы Елбасы Жолдауының басты басымдықтарын жүзеге асыру жөніндегі институттың бекітілген іс-шаралары жоспарына сәйкес ІІО-ның жаңа пішімдегі жоғарыбілікті кадрларын  дайындау бойынша белгіленген мақсаттарды қолдайтындығын және жүзеге асыруды жалғастыратындығын айтты.

Ғылыми кеңестің
ғылыми хатшысы
полиция майоры
Л.А. Жұбандықова

 
FxlF9bNxnEE