Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеге қабілеттілік»

2017 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеге қабілеттілік» атты Жолдаудың маңызды жақтарын түсіндіру төңірегінде іс-шара өтті.

Курсанттар  Елбасы  Жолдауының бес басымдығымен таныса келе, институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бесінші басымдыққа ерекше көңіл бөлді. Өз сөзінде  1- курс бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полиция капитаны Ш.Т.Елтаев, Президент Жолдауы  мемлекеттің ары қарай дамуының айқын бағыттарын анықтайтын нақты бағдарламалық құжат екендігін айтты. Қазіргі уақытта қоғам терроризмнің өршу жағдайын бастан кешіруде, және де мұндағы түйінді мәселе деструктивті күштерді қаржыландырумен және шетелдік террористік ұйымдардың байланысымен күресу болып табылады. Діни экстремизмді насихаттау, әсіресе ғаламторда және әлеуметтік желілерде алдын алу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігін туындатып отыр. Әсіресе діни қарым-қатынас аясындағы радикалды көріністерге жол бермеу. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және көзін жою жұмыстарын күшейту.

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.К.Каримбаева өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы жалпы еліміз үшін маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.Ол, өз сөзін қорытындылай келе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстан – көпұлтты жас, болашағына сенімді, қарқынды дамыған мемлекет! Біз қалыптасудың 25 жылын артта қалдырдық. Келесі 25 жылда бізді бұдан да биік белестер күтіп тұр» – деген сөздерінен дәйек келтірді. Мемлекетті құруда бай тәжірибе жинап, біз жаңа кезеңге қадам бастық. Алдағы уақытта кез келген қиындықты жеңіп шығатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте. Біз ұрпақтарымыз үшін Қазақстанды одан әрі дамыған мемлекетке айналдырамыз!

Өз кезегінде курсанттардың тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттандырарлық жауаптар берілді.

Сонымен қатар осы іс-шараға төмендегі оқу топтарының жетекшілері атсалысты: жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Р.Н.Джигитова, жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Ж.А.Жукаева, әскери және дене шынықтыру кафедрасы оқытушысы полиция капитаны Д.А.Дуйсенбаева.

 
11085100 02085045 03156055