Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттық ғылыми қоғамның мәжілісі

2017 жылдың 25 ақпаны күні 1-курс курсанттары арасында Курсанттық ғылыми қоғамның (КҒҚ) бірінші мәжілісі өтті. Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің ғылыми қызметкерлері КҒҚ дегеніміз не және оның мақсаты мен міндеттері қандай деген сұрақтарға тоқталып, курсанттарға толық мағлұмат берді. Талқылау барысында          курсанттар КҒҚ-ның төрағасын, оның екі орынбасарын, техникалық хатшысын және белсенділерін сайлады. Дауыс беру нәтижесінде қоғам төрағасы – 104 – взводтың курсанты қатардағы полиция Т.Таңсықов, бірінші орынбасары – 104 – взводтың курсанты қатардағы полиция Д.Умарова, екінші орынбасары – 101 – взводтың курсанты қатардағы полиция С.Абдразак, хатшы – 103 – взводтың курсанты қатардағы полиция А.Габдуллина болды.

Сонымен қатар КҒҚ құрамына  104 – взводтың курсанттары – қатардағы полиция Т.Утешев, қатардағы полиция М.Элипова, қатардағы полиция А.Искаков және 103 – взводтың курсанттары –  қатардағы полиция Е.Жабайханов, қатардағы полиция Д.Жүнісова енгізілді.