Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми кеңестің мәжілісі

1.03.2017

2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінің жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Қазақстанның халық банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры,  «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Төлегенова Апуажан Төлегенқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдосов Мұрат Көпжасарұлы, институттың басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

Мәжілісті ашу барысында институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Қаракүшев Сәлімгерей Иманғалиұлы -: «Кезекті рет Елбасы жылсайынғы Жолдауында мемлекеттің әрі қарай даму үшін экономиканы жаппай цифрландыруға, қазақстандықтардың өмір деңгейін ортадүниежүзіліктен жоғарыға көтеруге және мемлекетіміздің 30 озық елдерінің қатарына тұрақты жылжуына бағытталған тұтас стратегияны белгіледі. Бұл мақсаттар қоғамның барлық салаларының жаһандыру, әсіресе білім беру саласындағы  ауқымды түрлендіру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Жолдаудың барлық бес басымдығы 2050-Стратегияның мақсаттарына сай келе, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының базасында өтеді», – деп атап өтті.

Төраға институтта алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, олардың арасындағы бастыларының бірі жергілікті полиция қызметіне білікті мамандарды дайындау үшін оқу үдерісін одан әрі жетілдіруге ерекше маңыз берілетіндігін баса айтты.

А.Т.Төлегенова өз сөзінде экономиканың, банк саласының, кәсіпкерліктің барлық салаларында өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған Жолдаудың «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы», «Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту», «Макроэкономикалық тұрақтылық» басымдықтары туралы айтып, екінші басымдыққа толығырақ тоқталды.

Институттың оқу-әдістемелік орталығының бастығы, з.ғ.м., полиция подполковнигі Молдашев Ризуан Өтешұлы өз баяндамасында Жолдаудың «Адами капитал сапасын жақсарту» атты төртінші басымдықтың негізгі мақсаттарын ашты.

Өз кезегінде қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Игольников Александр Генадьевич «Институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты» атты бесінші басымдықты толығырақ түсіндірді.

Іс-шараны қорытындылай келе, институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев институттың профессорлық оқытушылар құрамы Президент ұсынған еліміздің үшінші жаңғыруын қолдайтынын және ЖОО-мен білім беру қызметі шеңберінде алға қойған мақсаттардың іске асырылуын жалғастыратынын атап өтті.

 
10 DSC_0093 03280181 IMG_1708 KStAGowGC_4