Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Футбол жарысы

Қазақстан полициясының  25 жылдығын мерекелеу шеңберінде институттың тұрақты және ауыспалы құрамы арасында өткізілген футбол жарысы

23 маусым — Қазақстан полициясы күніне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тұрақты құрамы арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 2017 жылғы 7-8 маусым күндері М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының шағын футбол алаңында өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Мирлан Сейілханұлы Балдаиров жарысқа қатысушыларды сапқа тұрғызып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевке баяндама жасады. Ту көтеріліп, гимн ойналды.

Шағын футбол жарысының ережелерімен жарыстың бас төрешісі әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті полиция полковнигі Қ.Д.Үмбетбаев таныстырды.

Жарысқа 8 команда қатысып, 2 топқа бөлініп бәсекеге түсті. Шағын футбол жарысында әр команда ойыншылары жеңуге деген үлкен ерлік көрсетті. Жарыста ұпай санымен «Астана» командасы алға шықты. 2-ші орынға «Арлан» командасы, 3-ші орынға «Спартак» командасы ие болды. Және осы шағын футбол жарысында «Үздік шабуылдаушы» номинациясына «Спартак» командасының ойыншысы полиция полковнигі Үмбетбаев Қайрат Досжанұлы, «Үздік қорғаушы» номинациясына «Динамо» командасының ойыншысы полиция капитаны Тулеумухамбетов Азамат Битимбаевич, «Үздік қақпашы» номинациясына полиция капитаны Левченков  Андрей Геннадьевич ие болды.  

Жарыстың марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жеңіске жеткен командаларды мақтау қағазымен марапаттады.

Қ.Д. Үмбетбаев

ӘжДШД кафедрасының доценті

 полиция полковнигі

 
03 06