Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Орта Азиядағы Қызыл Крест халықаралық комитетінің «Халықаралық стандарттарға сай құқық қорғау органдары қызметі» тақырыбында өткізілген тренинг туралы

2019 жылдың 23-24 қазан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының аумағында  кәсіптік және қосымша білім факультеті біліктілікті арттыру курсының ҚАПБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне Орта Азиядағы Қызыл Крест халықаралық комитеті қызметкерлері «Халықаралық стандарттарға сай құқық қорғау органдары қызметі» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингті Қызыл Крест халықаралық комитетінің қауіпсіздік және полиция күштері жұмысы бойынша аймақтық қызметкері Буланикли Халит (Түркия Республикасы, Анкара қаласы) және Орта Азиядағы Қызыл Крест халықаралық комитетінің аймақтық өкілі, бағдарламаға жауапты Мухитдинова Зарифа (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) өткізді.

Тренингте төмендегідей тақырыптар қарастырылды: «ҚКХК қызметі», «Полициялық әдеп», «Қ.З.Ж.К. қағидалары», «Тінту және қамау», «Қамау және соттық кепілдік», «Мысалды талқылау және оқыту».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ақтөбе облыстық Қызыл Ай қоғамының директоры Үдербай Нұрлан Мерғалиұлы «Ақтөбе облыстық Қызыл Ай қоғамының қызметі» және «Қызыл Ай және Қызыл Крест қоғамының қағидалары» тақырыбында дәріс оқыды.

Соңында тыңдаушыларға тренингке қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

КжҚБФ  аға оқытушысы әдіскері

полиция подполковнигі                                            

Қ.А. Бүркітбаев