Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі А.Е. Қабдуев «ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы ІІО жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарына арналған жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру барысы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында ІІО қызмет ету сұрақтары бойынша Қоғамдық кеңесте өткізілді. Кеңестің төрағасы з.ғ.д., профессор М.Ч.Когамов модератор ретінде сөз сөйледі. ІІО үшін кадрларды даярлау және іріктеу саласындағы көкейтесті алты сұрақ қарастырылды. Түлектерді бекіту және олардың мансаптық жоғарылауы мәселесі жеке қаралды. Ведомстволық ЖОО-лардың Ішкі істер министрінің резервін ең үздік түлектерінен құру туралы ұсыныс қабылданды. Ұйымдастыру жолдарын өзгерту және тереңдету аясында кәсіби бағдарлау жұмысын жедел қызмет сарбаздары арасында, әсіресе Ұлттық Ұлан арасында оны жандандыру, сонымен қатар, біздің барлық оқу орындарымызды таныстыратын бірыңғай бейнеролик құру туралы келісілді. Оқытудың практикалық бағыттылығын арттыру аумақтық Полиция департаменттерінде, оқу орындарының өкілдіктерін, сонымен қатар біздің ардагерлер жұмыс жасайтын арнайы орталықтар (кафедралар) құру сұрақтары қарастырылатын болады. Ғылыми әлеуетті жоғарылату мақсатында Қарағанды академиясының базасында біріккен диссертациялық кеңес ашу жөнінде БҒМ-ға өтініш хат беру туралы шешім қабылданды. ІІМ оқу орындарының өзара қызмет ету деңгейін жоғарылату үшін олардың басшыларының Кеңесін құру жөніндегі сұрақтарды қарастыру жоспарлануда. Оның шеңберінде ең алдымен Академия курсанттарының және ПОҚ-тың академиялық ұтқырлығы жобалары талқыланатын болады. Сонымен қатар, қатысушылар оқу орны басшысының курсанттармен жеке педагогикалық, тәрбие және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру сұрақтары бойынша пікір алмасуда ерекше қызығушылық танытты.

 
01122322